Қарттар күні қарсаңында Ұлттық ұлан офицерлері 103 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетті.
Қарттар күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының офицерлері Ұлы Отан соғысының 103 жастағы ардагері Анастасия Павловна Светачеваны арнайы барып құттықтады деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық ұланның тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы Бас басқармасы бастығының орынбасары полковник Арман Бутанов пен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Арман Сеитов ардагерге алғыс хат табыс етіп, гүл шоғын сыйлады, сондай-ақ әскери бөлім 3477-нің әйелдер кеңесі әзірлеген бауырсақпен шай дастарханын ұйымдастырды.

Жасы жүзден асса да, Анастасия Павловна өмірге құштарлығын жоғалтпай, жадысы сергек екенін аңғартты. Ол келген қонақтарды жылы қарсы алып, соғыс жылдарындағы ауыр күндер жайлы естеліктерімен бөлісті:
Полковник Арман Бутанов мұндай кездесулердің мәніне тоқталды:
-«Аға буынның ерлігін жадымызда сақтап, оны сарбаздарымызға және жастарға жеткізуіміз керек. Ардагерді жеке құттықтап, оның ерлігіне алғыс айту – біз үшін үлкен мәртебе».

- Әрбір ардагермен жүздесу -ерлік пен отансүйгіштіктің баға жетпес сабағы. Біздің парызымыз – оларға қамқорлық жасап, құрмет пен ілтипат көрсету-дейді подполковник Арман Сеитов.
Осындай шаралар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, тарихи жадымызды сақтау мен елдің дамуына және Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан жандарға алғыс білдіруге жол ашады.
#Региональное командование "Восток", #День пожилых