Семей қаласының жаңа әкімі сайланды

Семей қаласының жаңа әкімі сайланды

2025 жылдың 12 қазанда Абай облысы Семей қаласының әкімінің сайлауы өтті.

Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Абай облысы Семей қаласының әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде, сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлаушылар тізіміне сайлау округі бойынша 220 761 азамат енгізілді, олардың 118 553-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2482, «Барлығына қарсымын» жолында белгісі бар – 4310.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бекжасаров А.Қ. – 9763; Қожанбаев Ә.Н. – 89441; Төлеуов Қ.М. – 12 557.  

Абай облысы Семей қаласының әкімі болып Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы  сайланды, 1980 жылы туған, Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі,  Абай облысы Көкпекті ауданының Көкпекті ауылында тұрады, өзін өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.


#Семей, #Акимат города Семей