Семей қаласының жаңа әкімі сайланды
2025 жылдың 12 қазанда Абай облысы Семей қаласының әкімінің сайлауы өтті.
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Абай облысы Семей қаласының әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде, сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлаушылар тізіміне сайлау округі бойынша 220 761 азамат енгізілді, олардың 118 553-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2482, «Барлығына қарсымын» жолында белгісі бар – 4310.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бекжасаров А.Қ. – 9763; Қожанбаев Ә.Н. – 89441; Төлеуов Қ.М. – 12 557.
Абай облысы Семей қаласының әкімі болып Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы сайланды, 1980 жылы туған, Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі, Абай облысы Көкпекті ауданының Көкпекті ауылында тұрады, өзін өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
#Семей, #Семей қаласы әкімдігі