Семейде «Менің елім – менің туым!» акциясы өтті

Семейде «Менің елім – менің туым!» акциясы өтті

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалы, «Жастар Рухы» ЖҚ аймақтық филиалының өкілдері «Менің елім – менің туым!» акциясы аясында облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерге еліміздің көк туын ілді.

«Жастар Рухы» ЖҚ Абай облыстық филиалының төрағасы Т. Бақтияровтың айтуынша,  Мемлекеттік Ту ілудегі мақсат - елдігімізді нығайта түсетін маңызды шаралар арқылы халқымыздың рухын көтеру. Қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, жастардың Отанға  деген сүйіспеншілігін арттыру.

Өйткені, «Патриотизм – бұл ең алдымен өткенге құрмет таныту, тарихты ұлықтау».


#Семей, #партия АМАНАТ, #Акция