Семейде «Менің елім – менің туым!» акциясы өтті
«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалы, «Жастар Рухы» ЖҚ аймақтық филиалының өкілдері «Менің елім – менің туым!» акциясы аясында облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерге еліміздің көк туын ілді.
«Жастар Рухы» ЖҚ Абай облыстық филиалының төрағасы Т. Бақтияровтың айтуынша, Мемлекеттік Ту ілудегі мақсат - елдігімізді нығайта түсетін маңызды шаралар арқылы халқымыздың рухын көтеру. Қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Өйткені, «Патриотизм – бұл ең алдымен өткенге құрмет таныту, тарихты ұлықтау».
#Семей, #АМАНАТ партиясы, #Акция