ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ: «ТУҒАН ЖЕРІМ — ТҰҒЫРЫМ»
«ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ»-2024 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ
«ТУҒАН ЖЕРІМ – ТҰҒЫРЫМ»
Түркітілдес журналистер қоры Қазақстандағы 7-11 сынып мектеп оқушылары арасында өтетін “Жас журналистер байқауы”-2024 шығармашылық байқауының ережесі.
«ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ»-2024 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ
- Жалпы ережелер
- «Жас журналистер байқауы»-2024 шығармашылық байқауы (бұдан әрі – Байқау) Қазақстандағы 7-11 сынып оқушыларының шығармашылық қарымын күшейту және ынталандыру мақсатында өтеді.
- Байқаудың міндеттері:
Жас ұрпақты Туған жерін, елін сүюге баулу және патриоттық сезімін күшейту;
Оқушыларды ынталандыру;
- Сыйлықтарды тағайындау және дипломдар мен қаржылай сыйлықтарды тапсыру 2024 жылдың қазанында Алматы қаласында өтеді.
- Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.
- Байқау комиссиясының құрамына белгілі журналистер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіре алады.
- Байқау комиссиясы жеңіске талпынған оқушыларды іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:
материалдардың объективтілігі;
кәсіби шеберлігі;
«Туған жерім – тұғырым» тақырыбындағы 1 минуттық видео арқылы Отанды сүюдің, патриоттық сезімнің маңыздылығын жан-жақты ашып көрсету;
жұмыстардың шығармашылық толымдығы;
- Байқауды өткізуді үйлестіру.
Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру “Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті бекітетін Байқаудың ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.
- Ашықтық.
Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже қазақстандық БАҚ-та жарияланады.
- Жеңімпаздар келесі байқауға 2 жылдан кейін ғана қатысуға құқылы.
- Байқауға қатысу шарттары
- Байқауға қатысушылар.
Байқауға қатысуға қаақ тілінде білім алатын 7-11 сынып барлық оқушы шақырылады.
- Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы.
Байқауға қатысуға Қазақстанның барлық аймағы туралы ұялы телефонмен түсірілген, ұзақтығы 2 минуттан аспайтын видеолар қабылданады.
- Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар.
Қатысушы ұялы телефонына өзінің туған жері (қала, облыс, аудан, ауыл) туралы 1 минуттық видео түсіруі тиіс. Видеода тақырыпқа арқау болатын мекеннің қысқаша тарихы, жетістігі мен ерекшелігі жайлы айтылады.
Материалдар мемлекеттік тілде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2024 жылдың 25 қазаны, сағат 23:00-ге дейін.
Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: қатысушы туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, 3х4 см. мөлшеріндегі фотосуреті мен ұялы телефон нөмірі.
Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны.
Бір оқушы ұсынатын материалдардың саны 1-ден аспайды.
- Жұмыстар байқаудың Ұйымдастыру комитетіне хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.
- Байқаудың өту кезеңдері
- Алғашқы кезең.
Қатысушыларға Байқауды өткізу және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру жарияланады.
- Байқауды өткізудің негізгі кезеңі.
Байқау материалдары байқаудың Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына немесе электронды поштаға 2024 жылдың 25 қазаны, сағат 23.00-ге дейін келіп түседі. Байқауға берілген өтініштерді қараудың регламентін Байқау комиссиясы белгілейді. Байқау комиссиясы өз жұмысының нәтижесі бойынша байқау лауреаттарын айқындайды.
- Қорытындылау.
Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойынша байқауды жалпы қорытындылау шеңберінде іске асырылады:
І орын – 100 000 теңге;
ІІ орын – 50 000 теңге;
ІІІ орын – 25 000 теңге;
2 заттай ынталандыру сыйлығы;
қатысушылардың барлығына «Алғыс хат».
- Жеңімпаздарды марапаттау.
- Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы
- Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттар назарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестік; жаңашылдық; мәселені талдаудың тереңдігі; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы; авторлық тұжырымдаманың дербестігі; жарияланымда мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; этикалық принциптерге сәйкестігі; сыртқы безендірілуі.
- Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері
- Ұйымдастыру комитеті:
Байқау туралы осы ереженің талаптарына сәйкесіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді байқауға қабылдамауға;
қандай да бір үміткерге қатысты Байқау комиссиясының мүшесі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған кезеңде Байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.
- Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:
А) Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
Ә) Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;
Б) Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.
- Байқау комиссиясының құқықтары мен міндеттері
- Байқау комиссиясы мыналарды іске асыруға құқылы:
Байқауға түскен материалдарға баға беру;
Жеңімпаздарға сыйлықтар тағайындай отырып, байқауды қорытындылау.
- Байқау комиссиясының міндеттері:
барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.
*Байқау комиссиясы мүшесінің Байқауға қатысуына жол берілмейді.
- Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
- Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:
А) Байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттар алу;
Ә) Ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің тармақтарына түсіндіруді сұрау;
Б) Байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.
- Байқауға қатысушылардың міндеттері:
А) Байқаудың мән-жайымен алдын-ала танысу, Байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеу;
Ә) Осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;
Б) Осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.
- Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:
А) Материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;
Ә) Осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтамағаны үшін.
- Медиа ресурстар
Байқауға ақпараттық қолдау жасауды ақпараттық серіктестіктер қамтамасыз етеді.
- Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты
Байқаудың ұйымдастыру комитеті: Алматы қаласы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ, Алматы қаласы, 050008, Жароков көшесі, 39 А. Байланыс телефоны: + 7 775 486 0539 (WhatsApp). Электронды пошта: youngjournalists2024@gmail.com.
#фондтюркоязычныхжурналистов, #конкурс