Жылу желілерінің дайындығы 99,5% құрайды
Абай облысының өңірлік коммникациялар қызметінде Облыстың энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Серік Төленбергеновің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басқарма басшысы баяндамасының тезистері:
Белгіленген температуралық критерийлерге сәйкес Абай облысында жылыту маусымы 1 қазаннан, Семей қаласында — 10 қазаннан басталды;
Абай облысы ірі жылу көздері мен автономды қазандықтарды пайдалана отырып орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі;
Барлық автономды қазандықтар 100% дайын;
Жылыту маусымына дайындық сумен жабдықтау желілерін қамтитын: су бұру, білім беру және денсаулық сақтау объектілері 100% ;
Жылу желілерінің дайындығы 99,5% құрайды;
Облыстағы жылу желілерінің ұзындығы 462 км, оның ішінде Семей қаласында 322 км құрайды. Биыл Семей қаласы бойынша 48 км жылу желілері ауыстырылды;
Ағымдағы жылы қаланың 2 қазандығындағы сүзгілерді ауыстыру жұмыстары жоспарлануда. Жылу маусымы аяқталғаннан кейін сүзгілер жұмысының нәтижесіне сәйкес, ұтымды шешім қабылданады. Ал алдағы уақытта барлық 92 қазандықтағы сүзгілерді ауыстыру жоспарда бар;
"Ғаббасов" қазандығында қосымша қазандық орнатылды, ол жылыту маусымында іске қосылмақ;
Жалпы сомасы 23,9 млрд. теңгеге жылу желілері мен көздерін реконструкциялау бойынша жұмыстар жүргізілді;
Облыста орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 91,9% құрайды;
2023 жылдың қорытындысына сәйкес,
16402 адамды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 20 жоба іске асырылмақ және облысты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үлесі 94,6% құрайтын болады;
Жылу желілерін жөндеу жұмыстары барысында қазылған көшелер мен аумақтар келісім-шарттардың талаптары бойынша, мердігерлік ұйымдар есебінен қалпына келтірілетін болады;
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Семейде 3-ЖЭО салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта бұл жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде және оны 2023 жылдың соңына дейін аяқтау басты жоспарда;
Семей және Курчатов қалаларында кәріз-тазарту құрылыстарын реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде, іске асырылуы 2024-2026 жылдарға жоспарланған.
#Семей, #Абайская область, #отопительный сезон