Жылу желілерінің дайындығы 99,5% құрайды

Жылу желілерінің дайындығы 99,5% құрайды

Абай облысының өңірлік  коммникациялар қызметінде  Облыстың энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Серік Төленбергеновің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма басшысы баяндамасының  тезистері:

Белгіленген температуралық критерийлерге сәйкес Абай облысында жылыту маусымы 1 қазаннан, Семей қаласында — 10 қазаннан басталды;

Абай облысы ірі жылу көздері мен автономды қазандықтарды пайдалана отырып орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі;

Барлық автономды қазандықтар 100% дайын;

Жылыту маусымына дайындық сумен жабдықтау желілерін қамтитын: су бұру, білім беру және денсаулық сақтау объектілері 100% ;

Жылу желілерінің дайындығы 99,5% құрайды;

Облыстағы жылу желілерінің ұзындығы 462 км, оның ішінде Семей қаласында 322 км құрайды. Биыл Семей қаласы бойынша 48 км жылу желілері ауыстырылды;

Ағымдағы жылы қаланың 2 қазандығындағы сүзгілерді ауыстыру жұмыстары жоспарлануда. Жылу маусымы аяқталғаннан кейін сүзгілер жұмысының нәтижесіне сәйкес, ұтымды шешім қабылданады. Ал алдағы уақытта  барлық 92 қазандықтағы сүзгілерді ауыстыру жоспарда бар;

"Ғаббасов" қазандығында қосымша қазандық орнатылды, ол жылыту маусымында іске қосылмақ;

Жалпы сомасы 23,9 млрд. теңгеге жылу желілері мен көздерін  реконструкциялау  бойынша жұмыстар жүргізілді;

Облыста орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 91,9% құрайды;

2023 жылдың қорытындысына сәйкес,

16402 адамды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 20 жоба іске асырылмақ және облысты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үлесі 94,6% құрайтын болады;

Жылу желілерін жөндеу жұмыстары барысында қазылған көшелер мен  аумақтар келісім-шарттардың талаптары бойынша, мердігерлік ұйымдар есебінен қалпына келтірілетін болады;

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Семейде 3-ЖЭО салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта бұл жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде және оны 2023 жылдың соңына дейін аяқтау басты жоспарда;

Семей және Курчатов қалаларында кәріз-тазарту құрылыстарын реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде, іске асырылуы 2024-2026 жылдарға жоспарланған.


#Семей, #Абай облысы, #жылу маусымы