Халық үнін еститін мемлекет

Халық үнін еститін мемлекет

Халық үніне құлақ асатын билік туралы айтылған жерде азаматтық қоғамды дамыту деген сөздер бар. Азаматтық қоғамның белсенді өкілі ретіндегі пікірім, егер билік қоғам үніне құлақ саламын десе, алдымен диалогқа ашық болуы керек. Диалог деп тіпті бүгінде әлемді жаулаған әлеуметтік желі алаңын да айтуға болады. Әлбетте қазірде Үкіметтен бастап, түрлі министрліктердің, комитеттер мен құзырлы органдардың, облыс, қала, аудан, ауыл әкімдері мен басқарма, бөлімдердің яғни, бір сөзбен айтқанда қолында билігі бар кез-келген мекеменің сайттары, әлеуметтік желіде парақшалары бар. Ол арқылы билік өкілдері қоғамдағы барлық жағдайдан хабардар болып отырады және кері байланыс бар. Нәтижесінде халықпен ашық диалог орнатуға мүмкіндік зор. Сондай-ақ ақпараттық саясатта қазіргі жаңа медианың дамуы елдегі жағдайдың қандай екенін боямасыз көруге мүмкіндік береді.  Жалпы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» немесе «Еститін мемлекет» - тұжырымдамасы туралы 2019 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев Жолдауында айтқан болатын. «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады» - делінген басты құжатта.                                                                                                     Осы тұжырымдаманың арқасында билік пен қоғамның арасындағы алшақтық, мемлекеттік органдар мен қарапайым азаматтардың арасындағы қарым-қатынас бір жүйеге келіп, еліміздің әрбір азаматының үнін еститін мемлекеттік аппарат қалыптасады деген сенімдеміз.

«Listening State» («Құлақ асатын/еститін мемлекет») — бұл үкіметтің азаматтармен өзара әрекеттесу, оларды толғандыратын мәселелер мен қажеттіліктерін түсіну бойынша белсенді күш-жігеріне баса назар аударатын мемлекеттік саясат тұжырымдамасы. 

«Естуші мемлекетте»- ең басты орында халықтың мүддесі тұрады, мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас механизмі қалыптасқан болуы тиіс. Халықтың мемлекеттің  қабылдаған шешімдеріне еш кедергісіз қатысуға мүмкіндігі болуы және осы шешімдерді қабылдарда өз пікірлерін де ашық жеткізе алуы тиіс. Естуші мемлекет тұжырымдамасында мемлекеттік органдардың ең басты тапсырмасы- ол азаматтардың сұраныстарын қанағаттарындыра білуі керек. Естуші мемлекеттің мақсаты – ол азаматтардың өтініш-тілектерін жинап, қарастыру ғана емес, сол өтініштердегі мәселелерді шешу үшін азаматтардың өзін іске тарту және болашақта сол олқылықтардың болмауы үшін шаралар қолдану. Бұл тұжырымдама тек елдің астанасы не болмаса ірі қалалар аясында ғана емес еліміздің түкпір-түкпірін қамтиды.  Яғни шалғай ауылдардағы әкімдер болсын, мемлекеттік органдардың өкілдері болсын бұдан шет қалмайды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі ақпаратты жай ғана тарату немесе «жоғарыдан төменге» саясатын жүзеге асыруға қарағанда, тиімді басқару бұдан да көп нәрсені қажет ететінін көрсетеді. Яғни кері байланыс, идеялар мен қоғамдық пікірді белсенді іздеудің маңызын мойындайды. Бұған қол жеткізуге жәрдемдесетін түрлі құралдар бар: қоғаммен кеңесу, сауалнамалар, жалпы жиналыстар, онлайн форумдар және басқа да қатысу тетіктері.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ашық байланыс арналары, белсенді өзара әрекеттесу, шешімдерді ашық қабылдау,кері байланыстың «ілмектері», саясатты бейімдеу,деректерді жинау және талдау, мәдени сезімталдық және инклюзивтілік сындынегізгі компоненттерден тұрады.

Абай облысы бойынша азаматтардың өзара ой бөлісіп, пікір алмасулары үшін ашық байланыс арналарында ыңғайлы платформалар ұсынылады. Яғни дөңгелек үстелдер, қоғамдық тыңдаулар, жиналыстар, ашық кездесулер өткізіледі. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев тоқсанына бір рет тұрғындар алдында атқарылған жұмыстар бойынша есеп береді. Бұған қоса ай сайын жеке қабылдаулар өткізеді. Халық ортасына шығып, мәселесі бар деген жерлерді аралап көреді. Осы арқылы халықпен ашық байланыс орнатады. Аймақ басшысынан бастап, қала, аудан ауыл әкімдері жер-жерді аралап, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдайды. Олардың көтерген мәселелерін шешуге атсалысып, орындалғаны туралы есеп береді. Осылайша белсенді өзара әрекеттесу арқылы мәселені ушықтырмай алдын алуға тырысады. Жалпы шешімдерді ашық қабылдау мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға көмектеседі. Аймаққа қатысты кез-келген саяси шешімдер кері байланыс арқылы реттеледі. Бұл тұста қоғамдық тыңдаулардың үлес салмағы бар. Ол тұрғындардың дауыстары бағаланатынын және байыпты қабылданатынын көрсетуге көмектеседі. Ағымдағы жылы «Ақшың» сауда орталығы өртеніп, кәсіпкерлер тығырыққа тірелгенде билік тарапынан болған кері байланыс мәселелерді реттеуге мұрындық болды. Сондай-ақ көктемдегі тасқын су кезінде де тұжырымдама өзектілігін дәлелдеді. Бұған қоса экономикалық, әлеуметтік, денсаулық білім, мәдениет пен спорт салаларындағы мәселелерді шешуде  халықпен кері байланыстың маңызы зор.  Саясатты бейімдеу бөлімінде мемлекет азаматтардан алынған кері байланыс негізінде саясатты бейімдеуге дайын болуы керектігі айтылған. Онда бұл икемділік қоғамның өзгермелі қажеттіліктері мен басымдықтарын қанағаттандыру үшін өте маңызды делінген. Аймақта бұған үлкен мән берілген. Ақсақалдар алқасынан бастап, ҮЕҰ, Жастар ұйымдарына дейін бұл істе белсенділік таныта біледі. Саяси шешімдерді негіздеу мақсатында аймақта сауалнамалар жүргізіледі. Тәуелсіз әлеуметтік орталық дереккөздерден ақпарат жинап талдайды. Сондай-ақ отырыстарда қоғамдық пікірлер тыңдалып, дөңгелек үстелдер мен конференцияларда баяндамалар жасалады. Қоғамда әртүрлі көзқарастар болатыны сөзсіз. Сондықтан азаматтардың әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, этникалық тегіне, жынысына немесе басқа факторларға қарамастан барлық дауыстардың ескерілуін қамтамасыз ету үшін қадамдар жасалады. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының тәсілі.

«Құлақ асатын/еститін мемлекет» тұжырымдамасы негізінде атқарушы билік халықты белсенді тыңдап және онымен әрекеттесу арқылы неғұрлым өзекті, әділ және тұрақты саясат құра алады. Бұл тәсіл демократиялық қоғам құруға ықпал етеді. Президенттің бастамасымен  қолға алынып, жүзеге асып жатқан бұл бастамаға өз үлесін қосу азаматтарға берілген үлкен мүмкіндік болса, шенеуніктер үшін өз біліктіліктерін, кәсібиліктерін ортаға салатын кез екені сөзсіз.


#Семей, #Абайская область, #Президент РК, #народ