Таяу Шығыстағы шиеленіс: ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстан Таяу Шығыстағы ахуалға алаңдатушылық танытты. Сыртқы істер министрлігің ұстанымын ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы шиеленістің өршуіне байланысты алаңдаушылық танытады. Біздің барлық қатысу тарапты сабырлылық танытып, бейбіт тұрғындардың қазасымен, кең ауқымды соғысқа айналмауы үшін, жол бермеуі үшін шиеленістен бас тартуға шақырамыз. Осыған байланысты келіспеушіліктерді реттеуді БҰҰ-ның жарғысы және халықаралық қағидаттар шеңберінде жедел шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтеміз», - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингіде. 

Ресми өкілдің мәлімдеуінше, Қазақстан халықаралық қауымдастықтың ахуалды тұрақтандыруға, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды тұрақты қолдайды.

«Шетелдегі Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығын қорғау біз үшін басты басымдық. Біз отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Кез келген жағдайда қолдау көрсетеміз.», - дейді ол.

Бұған дейін Қазақстанның Израильдегі Елшілігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты үндеу жасағанын жазған болатынбыз. 

Айта кетейік, бұған дейін Иран Израильді бомбалады, қаптаған зымыран ұшырды.

Артынша, Ұлыбритания Иранның Израильге зымырандық шабуылын айыптады.

Сондай-ақ Иран мен Ауғанстан шекарасында 10 шақырымдық қабырға тұрғызылды.

Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты мәлімдеме жасады.


#Казахстан, # Министерство иностранных дел