Семейде 84 жастағы қария сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады

Семейде 84 жастағы қария сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады

Бүгін Семей қаласында алғаш рет өтіп жатқан тікелей қала әкімін сайлауына тұрғындар ерекше белсенділікпен қатысуда. Сайлау — әр азаматтың ел тағдырына, жергілікті басқаруға тікелей әсер ету мүмкіндігі екенін ескерсек, бұл науқанның тарихи маңызы зор.

Сайлауға жас демей, кәрі демей, түрлі буын өкілдері келіп жатыр. Соның айғағы — 84 жастағы семейлік қарияның сайлау учаскесіне арнайы келіп, дауыс беруі.

"Мен еліміздің болашағына бейжай қарай алмаймын. Осы күнге дейін талай өзгерісті көрдік. Бірақ халықтың өзі әкімді таңдайтын күнге жетеміз деп ойламаппын. Бұл — үлкен жетістік. Өз таңдауымды жасап, көңілім орнықты," — дейді Жүрсінбек Жақсыбаев ақсақал.

Қарияның бұл әрекеті — жастарға үлгі боларлық азаматтық ұстаным. Белсенділік, жауапкершілік, мемлекет істеріне қатысу — демократиялық қоғамның негізгі тіректерінің бірі.

Сайлау учаскелерінде барлық жағдай жасалған. Қоғамдық тәртіп сақталып, бақылаушылар жұмыс істеуде. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арнайы жағдай да қарастырылған.

Бұл оқиға — Семей тұрғындарының сайлау процесіне деген сенімі мен қызығушылығының артқанын көрсетеді. Әсіресе, үлкендердің белсенділігі — жастарға серпін, қоғамға өнеге.


#Семей, #Абайская область, #выборы