Аймақ басшысы Аягөз ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды

Аймақ басшысы Аягөз ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды

Шәкәрімов Данияр Қайырханұлы 1981 жылы 15 ақпанда  Аягөз ауданы  Аягөз қаласында дүниеге келген.  Семей қаласындағы Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжін, «Қайнар» университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын Семей қаласының Наркологиялық диспансерінің материалдық тобының бухгалтері болып бастады. 2003-2004 жж. - «Алтын төбе» тау-кен өндіру кәсіпорны жабық акционерлік қоғамының қаржы-шаруашылық бөлімінің менеджері. 2004-2013 жж. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бас маманы. 2013-2014 жж. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы бойынша посткедендік бақылау департаменті Кедендік инспекция бөлімінің жетекші маманы. 2014-2016 жж.  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы. 2016-2018 жж. «KAZTYRE» ЖШС сатып алу жөніндегі маманы. 2018-2019 жж. Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары. 2019-2021 жж. Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі басшысы. 2022 жылдың мамырынан қараша айына дейін Семей қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы. 2022 - 2023 жж. Семей қаласы әкімінің орынбасары.

Тағайындалғанға  дейін Семей қаласының мәслихатының төрағасы болған.
 


#Абайская область, #Аягоз