Семей қаласы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

Семей қаласы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

Конкурстық комиссияның шешімімен және Семей қаласының әкімінің өкімімен Есенжолов Нұржан Ерғалиұлы Семей қаласы әкімінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.

Нұржан Есенжолов 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары: Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих» мамандығы бойынша, кейін Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ, «Болашақ» стипендиясы арқылы Ұлыбританияның Шеффилд университетінде «Мемлекеттік басқару және саясат» мамандығы бойынша магистратураны аяқтап, 2020-2023 жылдар аралығында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында докторантурада оқыды.

Еңбек жолын 2007 жылы М.О. Әуезов атындағы университеттің «Тарих» кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған. Мемлекеттік қызметін 2009 жылы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы лауазымында бастады. Әр жылдары қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінде жетекші және бас маман қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының орынбасары, ішкі саясат бөлімінің басшысының орынбасары, Семей қаласы және ШҚО әкімдерінің баспасөз хатшысы лауазымдарында қызмет етті.

2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.
 


#Семей, #Абайская область