ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Ернұр Бурахан тағайындалды
Ернұр Көшерханұлы Бурахан 1981 жылы 16 маусымда бұрынғы Семей облысында дүниеге келген. 3 жоғары білімі бар.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, тарихшы, бакалавр академиялық дәрежесі, үздік диплом. Тарих магистрі.
Құқықтанушы бакалавры. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Іскерлік әкімшілендіру магистрі.
28.06.2001ж. бастап 20.10.2003ж. дейін «Байкуаков ТВК-6» ЖШС қазақша хабар тарату редакторы;
04.11.2003 ж. бастап 10.09.2007 ж. дейін «Эра телекомпаниясы» ЖШС, эфир жүргізушісі, репортер, бас редактор;
11.09.2007 ж. бастап 31.01.2011 ж. дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ, корреспондент, редактор, комментатор, редактор-жүргізуші, шеф-редактор;
01.04.2011 ж. бастап 26.06.2012 ж. дейін Шығыс Қазақстан облыстық әкімінің аппараты, бас инспектор-баспасөз хатшысы;
28.06.2012 ж. бастап 03.01.2013 ж. дейін «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, баспасөз хатшысы;
29.12.2012 ж. бастап 09.08.2013 ж. дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, баспасөз хатшысы;
04.11.2013 ж. бастап 30.12.2015 ж. дейін «Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы» ММ, басқарма басшысының орынбасары;
30.12.2015 ж. бастап 27.01.2017 ж. дейін Ақтөбе облыстық әкімі аппараты басшысының орынбасары;
27.01.2017 ж. бастап 24.11.2019 ж. дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры;
25.11.2019 ж. бастап 09.10.2023 ж. дейін «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС бас директоры;
2024 жылдың қаңтар айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі.