Терроризмге қарсы қызметке жаңа басшы тағайындалды

Терроризмге қарсы қызметке жаңа басшы тағайындалды

Бақытбек Рахымбердиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2024 жылдың 16 қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы барлау қызметі мен Терроризмге қарсы қызмет басшыларын қызметінен босатты.


#назначения, #антитерроризм