Үкімет басшысы Семей қаласында

Үкімет басшысы Семей қаласында

Бүгін Абай облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер – Министрі Олжас Бектенов келді. Жұмыс сапарын «Семей орманынан» бастаған Үкімет басшысы облыс орталығында бірнеше нысанда болды. Семей қаласындағы жұмыс сапары 1-жылу орталығынан (ТЭЦ-1) басталды. Абай облысы әкімінің орынбасары Д. Гариковтың айтуынша, орталықта қазіргі уақытта алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Оның барысында 18,5 шақырым жылу желілері ауыстырылады. Сондай-ақ 21 қазандық пен 1- жылу орталығы жөндеуден өткізіледі. Барлық жұмыстар 15 қыркүйекке дейін аяқталады деп жоспарлануда. 

Бұдан кейін Үкімет басшысы қаладағы өзге де бірқатар кәсіпорындарды аралайды деп күтілуде.


#Семей, #Правительство