Абай облысында 24 қылмыскер  ұсталды

Абай облысында 24 қылмыскер ұсталды

Абай облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері  жыл басынан бері 24 қылмыскердің орналасқан жерін анықтап, ұстады,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Қылмыстық полицияның жедел уәкілдерінің айтуынша, қылмыскердің жазасыз қалуы сирек кездеседі. Жазадан құтылу үшін қылмыскерлер бәріне дайын.2018 жылы Алматыда алдын ала сөз байласу тобы құрамында кісі өлтірген халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Оның екі серігі бұрын анықталып, сотталған. Қабылданған шаралардың арқасында қылмыскер Үржар ауданының сыртында жасырына алмады.  Іздестіруде полиция мамандарының  кинодан еш айырмасы жоқ.  Бұл бөлімшеде кез-келген жедел уәкіл  жұмыс істей алмайды. Өйткені мұнда белгілі бір табандылық, ептілік қажет.


#право, #Абайская область, #Полиция