Абай облысында полицейлер бұзақыны жауапқа тартты.
Бейнебақылау камераларының объективіне ер адамның подъезде еденге дәрет сындырғаны түсіп қалған,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көп ұзамай бұзақылық туралы бейне әлеуметтік желілерге таралған.
Оқиға желтоқсан айының ортасында болған. Видеода ер адамның баспалдақпен төмен түсіп, Титов көшесіндегі үйдің 1 қабатындағы кіреберістің аралығына кіріп бара жатқанын көруге болады, онда ол кіші дәрет сындырған .
Полиция бұзақының жеке басын анықтады. Ол облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ол орынсыз әрекеті үшін облыс орталығының тұрғындарынан кешірім сұрады.
Тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша "Ұсақ бұзақылық"әкімшілік хаттамасын толтырды.
Аталған баптың санкциясымен 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза не 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу көзделген.
#право, #Абайская область, #Полиция