Абай облысында «Рульде ұйықтамау» акциясы басталды.

Абай облысында «Рульде ұйықтамау» акциясы басталды.

Жазғы маусымның және демалыстың басталуымен көлік қатынасы ұлғайып, жол қозғалысына қатысушылардың көлік тәртібін сақтамау салдарынан жарақаттануға және өлімге әкеп соқтырған жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті.

Жыл басынан бері Абай облысының аумағында 194 ЖКО тіркелген, 31 адам қаза тауып және 267 жарақат алды.

Тек қала сыртындағы жолдарда 51 ЖКО орын алып, 22 адам қаза тапты және 90 адам жараланды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Абай облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы, азаматтарды алыс сапарларға шыққанда мұқият болуға шақырады.

Заңсыз жеке тасымалдаумен айналысатын жүргізушілер көбінесе көлік құралын басқару кезінде тапсырыстардың ең көп санын жүзеге асыру мақсатында маневр жасау ережелерін бұзады, ал балаларды тасымалдау кезінде арнайы ұстау құрылғыларын пайдаланбай жатады. Жүргізушілер міндетті медициналық тексеруден өтпей, ұйқы мен демалу режимін сақтамайды.

Сонымен қатар, басып озу ережесін бұзу қарсы қозғалыс жолағына шығуға ықпал етеді, бұл ауыр зардаптармен ЖКО жасауға әкеледі.

Құқық қорғау органдарының ерекше назар аударатын аймақ республикалық және облыстық маңызы бар қала сыртындағы трассаларда түнгі уақытта жүру мәселесі, жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақаттану мен өлім-жітімнің статистикалық көрсеткіштерін келтіре отырып, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру бөлігінде профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Осыған байланысты Абай облысында полиция қызметкерлері 31 шілдеге дейін жалғасатын "Рульде ұйықтамау" республикалық акциясын өткізеді. Акцияның мақсаты-жол-көлік оқиғаларын азайту, автожолдардағы қауіпсіздікті арттыру, жүргізушілердің назарын жол қозғалысы ережелерін сақтауға аудару.

Түнгі уақытта апатты-қауіпті учаскелерде полиция қызметкерлері жүргізушілердің шамадан тыс жұмыс істеу дәрежесін белгілеу үшін медицина қызметкерлерін тарта отырып, кейіннен оларды көлік құралын басқарудан шеттете отырып, аталған акцияны өткізетін болады.


#право, #Абайская область