Абай облысында үйлерді тонап келген аса қауіпті ұрылар тобы құрықталды

Абай облысында үйлерді тонап келген аса қауіпті ұрылар тобы құрықталды

Полиция Абай облысының Аягөз қаласында арнайы операция жүргізіп "сериялық" қылмыстарға қатысы бар ұрылар тобын ұстады,-деп хабарлайды  abaidan.kz тілшісі Абай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күдіктілер үй-жайларды жайпап тонаумен күн көрген. Былтырдан бері аудан полициясына жергілікті тұрғындардың үйлерінен ақша, қымбат заттар мен зергерлік бұйымдардың ұрланғаны туралы арыздар түсе бастаған. Қолды болған құнды заттардың жалпы сомасы 2 млн 170 мың теңгені құрады. Тергеу мәліметтері бойынша, ұрылар үй иелері жоқ кезде жеке сектордың аумағына кіріп, пластикалық терезелерді сындыру арқылы ішке кіріп, құндылықтарды ұрлап жүрген.

 Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрлық және үй-жайға заңсыз кіру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.


#право, #Абайская область, #Полиция, #Аягоз