Абай облысында жабайы қабанды заңсыз аулағаны үшін браконьерлер ұсталды
Полицейлерге Үржар ауданының аумағында белгісіз адамдар браконьерлік пен қабан аулаумен айналысатыны туралы жедел ақпарат түскн,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Рейдтік іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары Жетісу облысының 40 жастағы тұрғынының басқаруымен «Ямаха» маркалы қарда жүретін көлікті тоқтатқан. Оның жүк салатын бөлігінде қабанның тұтас еті, сондай-ақ «ИЖ»маркалы тіркелген екі ұңғылы тегіс ұңғылы мылтық болған.
Заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.