Абай облысында жыл басынан бері 200-ге жуық жол көлік оқиғасы тіркелген

Абай облысында жыл басынан бері 200-ге жуық жол көлік оқиғасы тіркелген

Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік апаттары жыл санап өсуде. Жыл басынан бері облыста 197 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 2 бала қаза тауып, 251 жасөспірім түрлі жарақат алған. Балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өңір аумағында  26-шы тамыздан 6-шы қыркүйек аралығында «Абайлаңыз - балалар!» республикалық акциясы өтті.

Бұл жайлы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығының орынбасары полиция подполковнигі  Бауыржан Садақбаев акция аясында өткізілген іс-шаралар туралы баяндады. 

-  Профилактикалық науқан балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне көпшіліктің назарын аудару, ата-аналар мен жүргізушілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған. Осыған байланысты полиция қызметкерлері білім беру мекемелерімен бірлесіп, оқушылар мен ата-аналар жиналысында, мектепке дейінгі мекемелерде, сондай-ақ көлік жүргізушілері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қыркүйектің 1-інде полиция қызметкерлері оқу жылының басталуына арналған жалпы мектептік линейкаға қатысты. Балаларға жолдағы қауіпсіздікті еске сала отырып, әлеуметтік бейнебаяндар көрсетіп, жадынамалар таратты, - деді спикер.

Акция аясында полиция қызметкерлері Абай облысы білім басқармасының балансындағы балаларды тасымалдайтын 122 мектеп автобусын тексерді.  Барлық автобустар ережеге сай жабдықталған. Сондай-ақ, спикерлердің мәлімдеуінше, жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру ұйымдарына жақын орналасқан тасжолдардағы жол белгілері тексеріліп, жергілікті атқарушы органдарға берілген нұсқама негізінде жаңартылған.

-  Ағымдағы жылдың басынан бері полиция қызметкерлері жалпы білім беру мекемелеріне іргелес жол жүрісін 100 қамтып, 501 тексеріс жүргізіп, нәтижесінде 281 ұйғарым шығарылды. Оның қорытындысына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының маңында 488 жол белгілері орнатылып, ауыстырылды, 124 жаяу жүргіншілер өткелдерімен жабдықталды. 56 жасанды  жол бұдырлары орнатылып, 33 тротуарлар салынды. 82 метр жасанды жарықтандыру және жаяу жүргіншілер үшін 6 жаңа бағдаршам орнатылды,  - деп қорытындылады әкімшілік полиция басқарма бастығының орынбасары Бақытбек Сыдықбаев.


#право, #Полиция, #дорога