Абай облысының тұрғынынан есірткі заттары тәркіленді

Абай облысының тұрғынынан есірткі заттары тәркіленді

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында  полиция қызметкерлері Аягөз қаласында учаскені аралау кезінде жергілікті тұрғынның есірткі заттарын сақтауы мүмкін екендігі туралы ақпарат алады. Көрсетілген азаматты тексеру барысында оның шалбарының оң жақ қалтасынан полиэтилен пакетке оралған, өсімдік тектес жасыл түсті зат табылып, тәркіленді,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сот-химиялық сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген заттың салмағы 2,24 грамм кептірілген марихуана екені анықталды. Күдікті есірткіні жеке қолдану үшін сақтағанын мойындады. Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған келу міндеттемесі шығарылды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтау үшін тергеу жүргізілуде. Полиция есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы белсенді күресін жалғастырады және азаматтарды заңдылықты сақтаудың маңыздылығын еске салады. Кез келген заңсыз әрекеттер туралы ақпарат жедел тексеріледі.


#Полиция, #наркотик