Amanat партиясының бұрынғы мүшесі бала зорлау ісі бойынша 2 айға қамауға алынды

Amanat партиясының бұрынғы мүшесі бала зорлау ісі бойынша 2 айға қамауға алынды

Amanat партиясының Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысы Серікқан Жақыпов бала зорлау ісі бойынша екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап, abaidan.kz хабарлайды. Жетісу облыстық сотының мәліметінше, Ақсу аудандық сотының 2024 жылы 20 тамыздағы ұйғарымымен Жақыпов қамауға алынды. “Ж.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", – делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Amanat партиясы Ақсу аудандық филиалының басшысы Жақыпов Серікқан жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген еді. Мәлімет бойынша, сараптама 7 жасар балаға күш қолдану фактісін растаған. Баланың анасы Ақсу аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазған.

Фото: Gov.kz


#право, #приговор