Бала өміріне қауіп төндірген жүргізуші
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында балаларды қауіпсіз тасымалдауды бұзу фактісі анықталды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
9 тамыз күні "Hyundai Santa Fe" көлігінің 32 жастағы жүргізушісіне қатысты жол қозғалысы ережелерінде көзделген жолаушыларды тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін, ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Аталған баптың санкциясымен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Тәртіп сақшылары балалардың қауіпсізді үшін, жол-көлік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Суретте алдыңғы орындықта отырған баланың көлік құралының терезесінен жартысына жуығы шығып тұрғанын көруге болады