"Балаларға құрамында есірткі бар кәмпиттер ұсынылуы мүмкін": ІІМ ақпаратқа түсінік берді
WhatsApp чаттарында мектептерде балаларға "құлпынай квик" кәмпиттері және құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат таралуда. Алайда бұл шындыққа жанаспайды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі ІІМ Telegram-каналына сілтеме жасап.

Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн.
Сонымен қатар біз ата-аналарға балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын еске саламыз.2,4K11:44
#право, #МВД РК, #наркотик, #дети