Банктер туралы жаңа заң 2025 жылдың маусымында қабылданады

Банктер туралы жаңа заң 2025 жылдың маусымында қабылданады

Банктер туралы жаңа заң 2025 жылдың маусымында қабылданады. Бұл туралы Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын таныстырған Премьер-Министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

«Банктер мен кредиттік ұйымдар қызметін реттейтін жаңа заң жобасы әзірленетін болады. Заң жобасының негізгі міндеттері — экономикалық белсенділікті ынталандыру, цифрлық активтерді және қаржылық технологияларды реттеу. Қабылдау мерзімі 2025 жылғы маусым деп жоспарлап отырмыз. Осы банк бойынша теңгерімсіздікті жою мақсатында төленетін дивидендтерді ескере отырып, банк секторына теңгерімді салық салудв енгізу жөніндегі шаралар қабылданады», — деді ол.

Вице-премьердің атап өтуінше, салық және бюджет саясатын жетілдіру желісі бойынша осы жылдың соңына дейін кірістер мен шығыстарды жоспарлау сапасын арттыру, бюджет тапшылығын толтырудың өтемақылық тетіктерін енгізу, Ұлттық қордың активтерін басқару тиімділігін арттыру мәселелерін қамтитын бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірленеді.

«2026 жылдың басынан жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізіледі. Мұның негізгі міндеттері кәсіпкерлер үшін тиімді жағдайларды нашарлатпай салық режимдерін оңтайландыру, жеке табыс салығы сараланған мөлшерлемесін белгілеу, мәжбірлеп өндіру алу шараларын қолданбай салық берешегінің шегін ұлғайту, салық берешегі шегінде ғана шектеулер қою, кепілмен қамтамасыз етілмейтін салықтар бойынша берешекті бөлу төлеудің және басқа да пәрмендірді ұсыну. Жаңа салық заңнамасының басты міндеті мемлекеттің қажеттіліктері мен бизнестің мүмкіндіктері арасындағы теңгерімді сақтау. 2025 жылдың соңына дейін салықтық әкімшілендірудің бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу көзделеді. Мұнан басқа, шекара маңындағы кеден бекеттері бойынша жұмыстарды аяқтауға, сондай-ақ кірістердің заңсыз ағынына жол бермеуге бағытталған кешенді шаралар іске асырылады. Салықтық әкімшілендірудің барлық процестерін жетілдіру жөніндегі жұмыс депутаттық корпуспен, қоғаммен бірлесіп және сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерін жұмылдыру жолымен жалғасады», — деді Нұрлан Байбазаров.

Коллаж: Kazinform


#право, #банк