Бір тәулік ішінде 500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Бір тәулік ішінде 500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді

"Құқықтық тәртіп" ЖПІШ аясында бір тәулік ішінде 533 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

 



Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 16-20 қазан аралығында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Бұл күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарының жеке құрамы  күшейтілген тәртіпке ауыстырылды.


#право, #Абайская область