Cинтетикалық есірткінің аса ірі партиясымен 35 жастағы Өзбекстан азаматы ұстаkды
Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, облыс прокуратурасының үйлестіруімен, синтетикалық есірткінің аса ірі партиясымен 35 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Бұл туралы abaidan.kz тілшісі облысьық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Шетелдіктің тұрғылықты жерін тінту барысында тыйым салынған заттың 2 пакеті, сондай-ақ өлшеп-орауға және өлшеуге арналған құрылғылар табылды: таразы, электр таспасы және пакеттер.
Тергеу барысында көрші елдің тұрғыны облыс орталығында бетбелгілерді тарату арқылы синтетикалық есірткі сатуды жоспарлағаны белгілі болды.
Сараптама қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған зат салмағы – 71,49 гр "Мефедрон" психотроптық заты болып табылады, сондай - ақ "Альфа PVP" психотроптық заты -салмағы 81,67 гр. Есірткі құралдарының жалпы салмағы-153,16 гр.
Мәселен, өңірдің полицейлері 1500 бір реттік дозаны жеткізуге жол бермеді, бұл қара нарықта партияның құны 4 млн теңгеден асады.
Аталған факт ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта жедел уәкілдер Абай облысына есірткі жеткізудің өзге де арналарын анықтауда.
#Семей, #Абайская область, #наркотик