Еңбек қауіпсіздігі бақылауда

Еңбек қауіпсіздігі бақылауда

Жалпы, жұмысшылардың өтініштері негізінде еңбек инспекциясы 85 жоспардан тыс тексеру және 13 профилактикалық бақылау жүргізді. Тексеру нәтижесінде анықталған 829 заң бұзушылықты жоюға 79 ұйғарым берілді. Онда зардап шеккен қызметкерлердің жалпы саны – 66 адам. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысы бойынша бақылау басқармасы (МСҚБ, еңбек инспекциясы) басшысының орынбасары, облыстың бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ерлан Ниетқабылов мәлімдеді,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі. 

- Мысалы, қаңтар айында кәсіпорындардың бірінде жұмысшыны автокранның кабинасына бұрылмалы платформасы басып қалған. Ақпан айында екі жүк көлігі соқтығысып, біреуінің жүргізушісі қаза тапты. Сонымен қатар, су құбыры жүйесінің құдығына қорғаныс құралдарынсыз түскен слесарь белгісіз газбен уланды, - деп атап өтті спикер.

Барлық істерді арнайы тергеп-тексеру комиссиялары зерттеді. Материалдар мен қорытындылар полицияға жіберілді.

- Жазатайым оқиғалардың ең көп саны тау-кен өнеркәсібінде және құрылыс нысандарында тіркелген. Олардың негізгі себептері - кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауаптылар тарапынан жұмысты белгілі деңгейде ұйымдастырмау, қауіпсіздік техникасын сақтамау және қызметкерлер тарапынан ережелерді елемеу, сондай - ақ жол қозғалысы ережелерін бұзуы, - деп қорытындылады Ерлан Ниетқабылов.


#Абайская область