Фейктерді анықтау және бейтараптандыру бағытындағы Орталық жұмысының негізгі қорытындылары

Фейктерді анықтау және бейтараптандыру бағытындағы Орталық жұмысының негізгі қорытындылары

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жалған ақпаратты анықтау, талдау және бейтараптандыру бойынша төрт ай бойы жүргізілген жүйелі жұмыстың қорытындыларын қамтитын жаңа шығарылымды ұсынды. Материалда әдетте назардан тыс қалатын процестер ашылып, еліміздің ақпараттық кеңістігін кешенді қорғаудың қалай ұйымдастырылатыны көрсетілген. Бұл туралы abaidan.kz ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымындағы Жалған ақпаратқа қарсыіс-қимыл орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Алғашқы күннен бастап Орталық азаматтардың денсаулығына, қауіпсіздік мәселелеріне және мемлекет қабылдайтын әлеуметтік маңызы бар шешімдерге қатысты таралатын енгізілімдерге жедел әрекет ете отырып, үздіксіз мониторинг режимінде жұмыс істеп келеді. Есепті кезең ішінде ондаған жалған хабарламалар талданып, 24 ресми теріске шығару жарияланды, 14 тақырыптық шығарылым әзірленіп, 17 телеэфир өткізілді. Орталық материалдары ұлттық және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында жүзден астам рет жарияланып, бұл Орталықтың сараптамасына деген сенімнің жоғары екенін және оның практикалық маңыздылығын растайды. 

Шығарылымның елеулі бөлігі Орталықтың күнделікті жұмыс үдерістеріне арналған. Күн сайын мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жүзеге асырылады, ақпараттық тәуекелдер бойынша консультациялар өткізіледі, коммуникациялық тәсілдер әзірленеді және болжамдық-талдамалық жұмыс жүргізіледі. Сонымен қатар шығарылымда жекелеген фейктердің не себепті жария кеңістікке шығарылмайтыны да түсіндіріледі.

Сонымен бірге фейктермен күрес - жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Басымдық алдын-алу іс-шараларына, ақпаратты сыни қабылдау дағдыларын дамытуға және қоғамның ақпараттық тұрақтылығын нығайтуға беріледі.

Осылайша, шығарылым Орталық қызметіне кешенді көзқарас ұсынып, нақты жұмыс процестері, негізгі сын-қатерлерді және азаматтардың шынайы ақпаратқа қол жеткізу құқығын қорғауға бағытталған тәсілдер жан-жақты көрсетеді. 

ҚР Президенті жанындағы ОҚК , Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы


#фейк, #информация