Инвестициялауға қатысты алаяқтық схемасы: полиция азаматтарды сақ болуға шақырады
Инвестициялауға қатысты алаяқтық схемасы: полиция азаматтарды сақ болуға шақырады Авторы Ақмарал Ғалымқызы 25 Маусым 2025 ж., 15:00 жарияланған 50 Петропавл тұрғыны 19 миллион теңгесін алаяқтарға аударып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер ақшаны көбейту, инвестиция және тез табыс табуды уәде ететін өзге де интернет-алаяқтық схемаларының қауіпті екенін еске салады.
Әлеуметтік желілерде жеңіл жолмен табыс табу туралы жарнамалар жиі кездеседі. Жарнамадағы сілтемеге өткен соң, алаяқтар WhatsApp арқылы хабарласып, өздерін инвестициялық немесе кеңес беру компаниясының қызметкерлері ретінде таныстырып, "болашағы зор биржалық мәмілелерге" ақша салуды ұсынады.
Жәбірленуші арнайы интернет-ресурста тіркеліп, "жеке кабинетіндегі" өсіп жатқан табыстарды көріп отырады. Шын мәнінде бұл сандардың ешқандай маңызы жоқ, алайда кей адамдардың құмарлығы оларды ірі көлемде ақша салуға итермелейді. Олар үлкен несие алады, таныстарынан қарыз сұрайды.
Осылайша, Петропавл тұрғыны биржалық ойындарға 19 миллион теңге аударған. Доллармен есептелген табысы үнемі өсіп отырған, бірақ ол ақшасын алмақ болғанда, алаяқтар байланысқа шықпай қойған.
Бес ай ішінде осындай схемаларға қатысты 27 солтүстікқазақстандық киберқылмыстың құрбаны болды. Полицейлер интернет пен әлеуметтік желі қолданушыларының "жеңіл табыс табу" туралы уәделеріне сенбеуге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға шақырады.