Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан төрт жасар Айкөркемнің ісіне қатысты сот үкімі шықты

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан төрт жасар Айкөркемнің ісіне қатысты сот үкімі шықты

Алматы гарнизоны әскери соты 15 қарашада қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан 4 жасар Айкөркемнің ісі бойынша ақтау үкімін шығарды, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі  Zakon.kz сілтеме жасап.

Әскери қызметші Арман Жұманға ҚР ҚК-нің 451-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы, "Ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған қаруды қолдану арқылы билікті асыра пайдалану" бойынша айып тағылды.

Сот әскери қызметші Арман Жұманнан бөлек марқұм төрт жасар Айкөркем Меделханның әкесіне қатысты ҚР ҚК-ның 119-бабы, "Қауіпті жағдайда қалдыру" бойынша қылмыстық іс қозғау талабымен жеке қаулы шығарды.

"Сот жарыс сөзі барысында мемлекеттік айыптаушы Жұманды кінәлі деп танып, оған 7 жыл бас бостандығын айыру жазасын тағайындауды сұраған. Сот үкімін бұзу үшін прокурормен апелляциялық өтініш хат келтіріледі", делінген Бас әскери прокуратура баспасөз қызметінің хабарламасында.

2022 жылы 7 қаңтарда сағат 19.00 шамасында Айкөркем мен оның отбасы азық-түлік алу үшін дүкенге  көлікпен шыққан. Олардың көлігіне Сейфуллин-Сәтбаев көшелерінің қиылысында оқ жаудырылған. Айкөркем оқиға орнында қаза тапты, ал оның 15 жасар әпкесі мен 18 жасар ағасы жарақат алды.

Қылмыстық істі қарау барысы Бас әскери прокуратураның бақылауына алынған.


#право, #приговор