"Қазақфильмде" кино түсіруге бөлінген 400 миллион теңгенің жымқырылғаны анықталды – Прокуратура
Алматы қаласының прокуратурасы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамында бюджеттен бөлінген 400 миллион теңгенің жымқырылғанын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап, abaidan.kz хабарлайды.
Алматы қаласының прокуратурасы "Қазақфильм" акционерлік қоғамында жүргізілген тексеріс қорытындысын жариялады.
"Ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, фильмді түсіруге бағытталған 400 миллион теңгеден астам қаражатты жымқыру фактісі анықталды", – делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеуді Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр.