Қазақстанда 10 мыңнан астам адам іздестірілуде, 2,1 мыңға жуығы хабарсыз жоғалған

Қазақстанда 10 мыңнан астам адам іздестірілуде, 2,1 мыңға жуығы хабарсыз жоғалған

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 178 адам іздестірілуде, олардың 2 098 хабар-ошарсыз жоғалғандар,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі KAZINFORM сілтеме жасап.

Жоғалған адамдардың көп бөлігі Алматы қаласында — 278 адам, содан соң Қарағанды — 217, Павлодар — 170, Алматы облыстарында — 152 адам тіркелген.

Үйден кетіп, оралмаған — 1 572 адам, автокөлікпен жоғалған — 73, жұмыстан кеткен — 38 адам дерексіз.

«Көбінесе 30-49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%). Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестірілуде. Іздеуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%). Олардың ең көп саны алаяқтық (526), ұрлық (309) және адам өлтіру (143) дерегі бойынша:

Алматы қаласында (496)
Астана қаласында (183)
Шымкент қаласында (149)
Алматы (164)
Қарағанды (148) облыстарында іздестірілуде», — деп жазды бақылаушы органнан.

Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүзеге асыратынын еске саламыз.


#Генпрокуратура, #прокуратура