Қазақстанда енді жаңа туған сәбилер аты-жөнінен бұрын ЖСН алады

Қазақстанда енді жаңа туған сәбилер аты-жөнінен бұрын ЖСН алады

Мәжіліс депутаттары байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ахуалды арттыру мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымнан мақұлдады. Заң жобасында нәрестелерге туа сала жеке сәйкестендіру нөмірін бекіту қарастырылған. Бұл abaidan.kz тілшісі  Stan.kz сілтеме жасап. 

Жаңа туған баланың жеке деректерін жоғалту қаупін болдырмас үшін бала туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беру ұсынылады. Осылайша алаяқтық және адам ұрлау сияқты заңсыз әрекеттердің қаупін азайту көзделіп отыр.

"Құқық қорғау органдары бірнеше рет балаларды сатумен айналысқан қылмыстық топтарды ұстады. Олар "маркетплейстер" арқылы нәрестелерді сатқан. Балаға туа сала ЖСН беру, бірінші кезекте осы мәселені шешуге бағытталған. Қазіргі күні туғаннан кейін азамат ретінде тіркелгенше біраз уақыт өтеді, ол алаяқтық жүйелерді іске асыруға мүмкіндік береді. Енді баланы цифрлық тіркеу уақыты оның дүниеге келген сәтімен бірдей болады", – деді мәжілісмен Константин Авершин. 

Еске сала кетсек, бұған дейін сенатор Дархан Қыдырәлі үкімет басшысы мен бас прокурорға сауал жолдап, шетелдіктер асырап алған балалар туралы мәлімет жоқ екенін айтқан еді. 


#право, #Казахстан