Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген көшпелі баспасөз конференциясы барысында Абай облысы қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Жерегя күзгі шақыру осы жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғасатынын атап өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі.

- 1 қыркүйектен бастап азаматтарды мерзімді қызметке күзгі шақыру басталды. Абай облысы бойынша 700-ге жуық адамды шақыру жоспарлануда. Олар ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Шекара қызметінде, ІІМ, ТЖМ және Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет атқаратын болады. Қазір шекара қызметі жасақталуда. Әскерге шақырушылармен әңгімелесу жұмыстары жүргізіледі. Одан кейін, тест тапсырып, медициналық тексеруден өтеді. Егер азамат жарамды деп танылса, әрі қарай психологтар жұмыс жүргізіп, полиграфиялық зерттеуге жіберілетін болады, - деп атап өтті Дмитрий Жерегя.

Сондай-ақ, отан алдындағы борышын өтеген азаматтарға ҰБТ тестілеуінен өтпей оқуға түсу жеңілдіктері қарастырылған. Бүгінде Қорғаныс министрлігі және жоғары оқу орындары арасында меморандумдар жасалды. Мерзімді қызметтен өткен барлық азаматтар университетке ҰБТ-ны тапсырмай грантқа да, ақылы негізде де түсуге құқылы, - деп толықтырды басшы орынбасары.

Сонымен қатар, Абай облысы қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары Қанат Шарипханов сарбаздар үшін кредиттік демалыс қарастырылғанын атап өтті. Қазіргі уақытта мерзімдік кредиттердің жалпы сомасы 1,7 млрд теңгені құрайды.

- Айта өтсек, мерзімді қызметтен өткен 750 мыңға жуық адамның ЖОО-ға түсуге құқығы бар екенін атап өткен жөн. Әскери борышы аяқталғаннан кейін сарбаз арнайы сертификат алады және ЖОО - ға жеңілдікпен түсуге құқылы, - деп атап өтті департамент басшысының орынбасары.

Мерзімді қызметтегі сарбаз Алексей Кохов БАҚ өкілдеріне әскердегі күнделікті атқарылатын жұмыстары мен жасалған жағдайы жайлы ақпараттар мен бөлісіп.

- Бізді барлық қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Аптасына екі рет телефон қолданып, ата-анамыз бен туыстарымызға хабарласуға мүмкіндік бар. Күніне үш рет тамақтанамыз. Күнделікті ас—мәзіріміз пайдалы тағамдарға толы, - деді Алексей Кохов.

Сондай-ақ, республика бойынша сарбаздардың аналар комитеті жұмыс істейді. Бұл қоғамдық бірлестік сарбаздардың ата-аналарымен тығыз байланыста болады. Комитет мүшелері кез-келген әскери бөлімге хабарласуға мүмкіндіктері бар және ескертусіз бөлімге келуге құқылы.


#военный, #Казахстан