Қазақстанда тұрғын үйге кезекте тұрғандардың үштен бірі критерийлерге сәйкес келмейді

Қазақстанда тұрғын үйге кезекте тұрғандардың үштен бірі критерийлерге сәйкес келмейді

Қазақстанда тұрғын үйге мұқтаж 648 мың адамның 200 мыңнан астамы қажетті критерийлерге сәйкес келмейді, деп хабарлайды Zakon.kz сілштеме жасап, abaidan.kz ақпараттық агенттігі.

Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков хабарлағандай, ведомство ақпараттық жүйеде тұрақты мониторинг жүргізеді. Егер азаматтың мәртебесі өзгерген жағдайда тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға келіп, сәйкестік өлшемшарттарын растау қажет.

"Жүйе деректеріне сәйкес 200 мыңнан астам адам кезек критерийлеріне сәйкес келмейді. Қателеспесем, олардың ішінен 43 мың адам өзінің сәйкестігін дәлелдеді. Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Бірақ жалпы кезек төмендемейді, өйткені олардың қатарына баспанаға мұқтаж жаңа адамдар қосылуда", – деді Бақытжан Жүнісбеков 13 қыркүйекте ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Биыл экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарына сәйкес 18 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Мемлекеттік қолдау есебінен 16 мың кредиттік тұрғын үй салу, сондай-ақ 22 мың жалға берілетін тұрғын үй сатып алу көзделген.


#жилье