"Мобильді ХҚКО" қосымшасында жаңа қызмет пайда болды
Енді жүргізуші куәлігін алғаш рет алатын ел азаматтары "Мобильді ХҚКО" қосымшасы арқылы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына емтихан тапсыруға өтініш беріп, алдын ала кезекті брондай алатын болады, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Nur.kz сілтеме жасап. Бұл жанашылдық уақыт үнемдеуге әрі МХҚО-дағы қызметалушылардың ағынын азайтуға септігін тигізеді. Ол үшін қолданушы "Мобильді ХҚКО" қосымшасын таңдау керек. Бұл сервис қызметалушыны алғашқы ақпаратты алу үшін МҚКО операторымен байланыстырады. Одан кейін клиентке мемлекеттік бажды төлеуге немесе алдын ала төленген түбіртекті ұсынуға мүмкіндік беріледі. Төлем жасалғаннан кейін № 073/у формадағы медициналық анықтама, автомектепті аяқтағаны туралы куәлік, қызметалушының суреті (сканерленген нұсқалары) және талапқа сәйкес қойылған қолтаңбаны сұралатын болады. Оператормен сөйлесу барысында аталған барлық құжатты диалогтық терезеде тіркеу қарастырылған. Айта кететін жайт, азамат өтініш беріп, МХҚКО-дағы кезекті алын-ала брондаған соң, емтихан тапсыратын күн мен уақыт белгілі болады. "Бұрын емтихан тапсыратын азаматтар өтініш беру және төлем жасау үшін МХҚКО-ға баруға міндетті болатын. Енді бұл қызметті үйден шықпай, онлайн алуға болады. Яғни, бейнеқоңырау арқылы өтініш беріп және кезекті алдын-ала брондайды. Одан кейін клиент МХҚКО-ға бекітілген уақытта келіп, емтиханын тапсырып кете алады. Болашақта өтініш беру фнкциясын электронды порталға және екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелеріне енгізу жоспарда бар", - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин. Айта кетейік, сервиспен eGov mobile қосымшасында да қолдануға болады. Ол үшін басты беттегі "БейнеХҚКО" батырмасын таңдау қажет.