Облыстық полиция департаменті 100 есірткі қылмысын анықтаған
Абай облысында есірткіге қарсы күрес күшейтілуде. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Берікжан Абылғазинов мәлімдеді. Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, өткен жылы облыста 100 есірткі қылмысы тіркелген.
– Өткен жылы 100 есірткі қылмысы анықталып, оның ішінде 19-ы есірткі және психотроптық заттарды өткізумен байланысты болды. 282 грамм түрлі есірткі мен психотроптық заттар заңсыз айналымнан алынды, – деп атап өтті спикер.
#право, #Абайская область, #Полиция, #наркотик