Өңірімізде

Өңірімізде "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ азаматтық қорғау мекемесімен бірлесіп сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды сатудың, рұқсат құжаттарынсыз тасылмаудың жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шараларын бастаған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бақытбек Сыдықбаев мәлімдеді.

 

- Абай облысы бойынша желтоқсан айынан бастап қаңтарына дейін "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілетін болады. Бұл шара, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылмақ. Іс-шара кезінде адамдар көп жиналатын орындарды  тексеруге ерекше назар аударамыз. Сондай-ақ, балалар арасында жарақаттануды болдырмау мақсатында оқу орындарында кәмелетке толмағандар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, - деді Бақытбек Сыдықбаев.

 

Сонымен қатар, спикер пиротехникалық заттар мен бұйымдарды заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын да атап өтті. Мысалы: еркін сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады екен.

 

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз саудағы бірнеше бап қарастырылған. Атап айтар болсақ, 196 бап, 415-бап, 436-бап, 483-бап осы заңсыз саудаға бағытталған. Онда,  Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзу, азаматтық пиротехникалық заттар мен олардан қолданып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу және пиротехникалық бұйымдарды елді мекендерде қолдану сынды айыптар қолданылады, - деді спикер.

 

Сауда жасауға ниетті адамдар әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет үшін белгіленген айыппұл соммасын төлейді.  Нақты айтатын болсақ, жеке тұлғаларға: бір жүз отыз бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға: үш жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне: алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне: мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Брифинг соңында Абай облысының Полиция департаменті өңір тұрғындарын заңсыз саудаға бармауға шақырды.


#Абайская область, #новый год, #Пиротехника, #Салют