Отбасылық жанжал үшін 5 күнге қамалады

Отбасылық жанжал үшін 5 күнге қамалады

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді. Бұл туралы Абай облысы Полиция департаменті хабарлады.

1 шілдеден бастап тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу, жәбірленушілердің өтінішінсіз жүзеге асырылады.. Әкімшілік хаттама жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіштің жазбалары жеткілікті болады. Соңғы шешімді сот қабылдайды.
Агрессор тарапынан зардап шеккендерге қысым жасамау үшін сотта бір рет қана татуласуға болады.
Отбасылық жанжал үшін агрессорға ескерту жасалады немесе 5 күнге қамауға алынады. Қайта жасалған жағдайда-10 тәулік қамауға алу. Ұрып – соғу үшін-10 тәулік қамауға алу, бұзушылықты қайталағаны үшін-25 тәулік, денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін – 15 тәулік қамауға, ал қайталағаны үшін-25 тәулік, қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 10 тәулікке қамауға алу көзделген. Сот белгілеген мінез-құлыққа қойылатын ерекше талапты бұзғаны үшін 10 тәулікке қамауға алу түрінде жазаланады.


#право