Өткен жылы облыста алимент өндіру және балалар құқығын қорғауға байланысты 2000-нан астам іс қаралған
Балалардың құқықтарын қорғау – тек ата-ананың ғана емес, тұтас қоғамның жауапкершілігі. Соңғы жылдары ажырасу жағдайларының көбеюі және алимент төлеуден жалтару өңірде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облыстық сотының өкілдері мәлімдеді. Судьялардың айтуынша, ажырасудан кейінгі балаға қатысты даулардың саны артып, ата-аналардың алименттік міндеттемелерін орындамауы жиі кездесетін жағдайға айналуда. Еске салсақ, 2023 жылдан бастап ювеналдық соттардың құзыреті кеңейіп, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғауға қатысты бірқатар азаматтық істерді қарау жүктелген болатын. Бұл шешім балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталған. Алайда алимент төлемейтін азаматтарға қатысты заң аясында қатаң шаралар қолданылып жатыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139-бабы негізінде ата-аналардың өз балалары алдындағы қаржылық міндеттемелерін үш айдан астам уақыт орындамауы бас бостандығын шектеуге немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкелуі мүмкін. Облыстық соттың судьясы Раушангүл Байжұманованың айтуынша, алимент төлемеуге қатысты даулар мен істердің саны айтарлықтай жоғары.
- Өткен жылы алимент өндіруге қатысты 2 153 іс түсіп, оның 1 914-і қаралды. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш бойынша 2 031 іс қозғалған, оның 1 848-і сотта қаралды, - деп мәлімдеді Абай облыстық сот судьясы.
Облыстық соттың судьясы Раушангүл Байжұманованың айтуынша, алимент төлемеуге қатысты даулар мен істердің саны айтарлықтай жоғары. 2024 жылы алимент өндіруге байланысты 2 153 іс тіркеліп, оның 1 914-і қаралды. Ал 2023 жылы 2 031 іс қозғалып, оның 1 848-і аяқталған. Сонымен қатар, өткен жылы алимент төлеуден жалтарған 19 адам жауапкершілікке тартылса, 2023 жылы осындай істер бойынша 31 борышкер қылмыстық жауапқа тартылған.
Облыстық сот өкілдері ата-аналарды алимент бойынша қарыздың жинақталуына жол бермеуге және балалар алдындағы қаржылық міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырды. Құқықтық түсіндіру жұмыстары мен алдын алу шаралары жалғаса бермек.
#право, #Абайская область, #алимент, #дети