Ойынқұмарлыққа қарсы күрес: Семейде маңызды конференция өтті

Ойынқұмарлыққа қарсы күрес: Семейде маңызды конференция өтті

Жақында Семей қаласының Абай атындағы орталық кітапханасында ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің Тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар басқармасының бастығы, подполковник Айдын Чуримбаевтің ұйымдастыруымен "Қызметкерлер мен әскери қызметшілер арасындағы ойынқұмарлықтың алдын алу және лудомания мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі.

Конференцияда ойынқұмарлықтың зиянды әсерлері туралы ғылыми дәлелдермен таныстырылды, "Лудомания" ауруының белгілері мен емдеу әдістері туралы ақпарат берілді, сонымен қатар ойынқұмарлықтың алдын алу жөніндегі ұсыныстар мен практикалық кеңестер ұсынылды.

Лудомания - бұл ойындарға патологиялық құмарлықпен сипатталатын ауру. Ол адамның күнделікті өміріндегі барлық басқа қызығушылықтарды ығыстырып, тәуелділікке айналады. Лудомандар ойынға уақыт пен ақшаны шектен тыс жұмсайды, тіпті қарызға батып, отбасы мен жұмысқа зиян келтіруі мүмкін.

Ойынқұмарлықтың зиянды әсерлері мыналар:

* Психологиялық: депрессия, мазасыздық, ұйқысыздық, қорқыныш.

* Физиологиялық: шаршау, салмақ жоғалту немесе қосу, иммунитеттің төмендеуі.

* Әлеуметтік: отбасылық проблемалар, жұмыс жоғалту, қарыздар.

Конференцияда ойынқұмарлықтың алдын алу үшін мынадай ұсыныстар берілді:

* Білім беру: ойынқұмарлықтың қауіп-қатері туралы

   хабардарлықты арттыру.

* Отбасылық қолдау: ойынқұмарлықтан зардап шеккен адамдарды

   қолдау, оларға көмек көрсету.

* Құмар ойындарды шектеу: қол жетімділікті азайту,

   құмар ойындарға жарнаманы шектеу.

* Емдеу: лудоманиядан зардап шеккен адамдарға

   психологиялық және медициналық көмек көрсету.

Іс-шараға Жастар денсаулық орталығының медициналық кеңесшісі  Алина Ниязбекова, N2 емханасының психологы Лаула Брик , Абай облысы Ішкі саясат басқармасының бас маманы Жадыра  Маемгенова  , "Аналардың жүрегі" Республикалық қоғамдық ұйымының Абай облысы бойынша өкілі Айнур Татерова , 68303 бөлімінің рота командирінің орынбасары, әскери психологы Максат Семейбаев , Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары Азамат Муратов, "Абай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ" РММ бастықтың орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Қайырбек Турсумбаев , "Абай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ" РММ бас маман психологы лейтенант Мадина Айдарханова , бас маман психолог аға лейтенант Дана Сембаева , Облыстық 'Вести Семей' газетінің тілшісі, республикалық 'Литер' газетінің меншікті тілшісі Айман Шарипханова қатысып, өз пікірлерін білдірді.

Конференция аясында Абай атындағы орталық кітапханасының қызметкерлері музей кітапханасының кітаптарын таныстырып, қатысушыларға қосымша білім алу мүмкіндігін берді.

Бұл дөңгелек үстел ойынқұмарлық пен лудомания мәселесіне қоғамның назарын аударудың маңызды шарасы болды. Ол қызметкерлер мен әскери қызметшілердің ойынқұмарлықтың зиянды әсерлері туралы білімдерін арттыруға және осы аурудың алдын алудың тиімді жолдарын қарастыруға мүмкіндік берді.


#Семей, #право, #Абайская область