Президент Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы заңға қол қойды

Президент Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн платформалар және онлайн жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойды.

Енді блогерлер желідегі жарнамасын таңбалауға, салық төлеуге міндеттеледі.

Сондай-ақ заң жобасына сәйкес, жалған ақпарат үшін жаңа айыппұл енгізіледі. Жалған ақпарат көп зиян тигізбесе, 20 АЕК (69 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Егер дәл осы әрекетті қайталаса, айыппұл екі еселенеді.

БАҚ-та ресми жарияланғаннан кейін заң 60 күннен кейін күшіне енеді.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


#право, #Акорда, #Президент РК