Прокуратура мемлекеттік мекемеден «Өлі жандарды» анықтады

Прокуратура мемлекеттік мекемеден «Өлі жандарды» анықтады

   Аудан прокуратурасы жүргізген талдаумен 2015-2023 жылдар аралығында Бесқарағай ауданының жер қатынастары бөлімінің жүргізушісі ретінде адамды жалған жұмысқа орналастыру фактісі анықталды. Бұл туралы Абай облыстық прокуратурасына сілтеме жасап, abaidan.kz тілшісі хабарлайды.

15.08.2023 жылы аудан прокуратурасы бұл фактіні СДТТБТ-де тіркеп, қылмыстық істі тергеу бойынша Абай облысының экономикалық тергеу департаментіне тапсырғған.

 Тергеу аяқталғаннан кейін ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі бойынша бухгалтерге қатысты қылмыстық іс (қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау) сотқа жіберілді. Істі қарау аудан орталығының мемлекеттік мекемелерінің бухгалтерлерін шақыра отырып, ашық көрсетілімдік сот отырысында өткізілді, онда сотталушы «К.Н.» өз кінәсін мойындап, мемлекетке 5 млн. теңге көлемінде келтірілген залалдың тергеу сатысында өтелгенін түсіндірді.

12.10.2023 жылы «К.Н.» сот үкімімен 3 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды (сот актісі заңды күшіне енген жоқ).


#право, #прокуратура