Самат Әбішке қатысты іс сотқа жолданды

Самат Әбішке қатысты іс сотқа жолданды

Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, - деп хабарлайды abaidan.kz   Tengrinews.kz сілтеме жасап.  Бас прокуратура мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты іс сотқа жолданған.  Еске салайық, мұның алдында Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты Қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілетін асыра пайдалану дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.


#Генпрокуратура