Семейде буллингке қарсы оқыту жұмыстары қарқын алды

Семейде буллингке қарсы оқыту жұмыстары қарқын алды

Балалардың құқығын қорғау мәселесі бүгінгі күн тәртібіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі.  Қазіргі таңда буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу іс-шараларына көп көңіл бөлінуде. Бұл ретте Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында Абай облысының тірек мектептерінің ұстаздары үшін буллингке қарсы KiVa бағдарламасы бойынша семинар-тренинг өтті.  
 

Төрт күнге жалғасқан өзекті іс-шарада Аягөз ауданы «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы», Ақсуат ауданы «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ, Жарма ауданы «Маяковский атындағы орта мектебі» КММұстаздары буллинг және оның негізгі формалары жайлы тың ақпараттар алып ғана қоймай, финдік бағдарламадағы ойындар арқылы білімдерін нығайтты.​

- Буллингке қарсы KiVa бағдарламасының тарихынан бастап, оның маңызы мен әмбебабап әрекеттері жайлы білімімді жетілдірудемін. Жоба бойынша алып жатқан әсеріміз өте ерекше. Себебі, финдік бағдарламаның мектеп мұғалімдеріне, педагог-психологтарға, оқушыларға өзектілігін жоғалтай тұрған буллингпен күресуде аса пайдалы болмақ. Осы мақсаттағы жұмыстарымыздың жеміс беретініне сенімдімін, - деп атап өтті Жарма ауданы Маяковский атындағы орта мектептің әлеуметтік педагогы Ақмарал Ұлыбаева.

Оқытушылар құрамы аталмыш бағдарлама бойынша арнайы білім алған Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегіорындасары Асель Дуйсенбаева, педагог-психолог Анар Адамзатова және педагог-ұйымдастырушы-кураторларАйжан Ахметова мен Кульяш Наймановадан құралған.

Жаңа оқу жылында пилоттық режимде енгізілетін буллингке қарсы KiVa бағдарламасы 2006 жылдан бері Финляндиядағы Турку университетінде жүргізіле басталған. Сәтті жоба бүгінде әлемнің 20-дан астам елінің білім беру бағдарламасына енгізілген.


#Абайская область