Семейде жаяу жүргіншіні қағып кету фактісі бойынша тексеру жүргізілуде

Семейде жаяу жүргіншіні қағып кету фактісі бойынша тексеру жүргізілуде

2025 жылғы 8 тамыз күні сағат 10:30 шамасында Семей қаласында жол-көлік оқиғасы орын алды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, «Chevrolet Cobalt» автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі Шәкәрім даңғылынан Елемесов көшесіне қарай жүріп, Абай көшесіндегі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 72 жастағы әйел жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
 

Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері келіп, жол-көлік оқиғасы болған орынды қоршауға алды, жол қозғалысын реттеуді ұйымдастырды. Жәбірленуші медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеру шараларын жүргізіп, қажетті сараптамалар тағайындады, болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.


Абай облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындағанда аса мұқият болуға шақырады.


#Семей, #Абайская область, #Полиция, #Правопорядок