Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында дәстүрлі «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық акциясы аясында, екікүндік семинар-тренинг өтті,деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Акция Абай облысы қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Жанұя орталығы» ҚҚ ұйымдастыруымен қолға алынған. Жиынға БҰҰ тұрмыстық зорлық-зомбылық және гендерлік сұрақтар бойынша ұлттық кеңесшісі Сағадат Сабитова, қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Арман Жемагулов, Абай облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Садақбаев, жергілікті полиция қызметкерлері, қала аудан әкімдіктерінің жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияларының хатшылары қатысты. 

Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Арман Жемагулов тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы ұйымдастырылатын әр іс-шара келешек ұрпақтың қауіпсіздігінің негізгі көзі болып табылатынын атап өтіп,  семинар-тренингте көтерілген қала, аудан аумағындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты түйіткілді мәселелердің шешімін табатынына сенім білдірді. «Жанұя орталығы»қоғамдық қорының басшысы  Жанна Жибраеваның айтуынша, жиын барысында балалармен және абьюзерлермен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлер жаңа дағдыларға ие болатыны сөзсіз. Сондай-ақ бұл бастамаға мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың қолдауы ерекше екеніне өз ризашылығын білдірді .

Алдағы уақытта әлеуметтік маңызы бар мәселені шешуде жұмыстар жалғасатын болады.


#Абайская область, #бытовое насилие, #Общественное развитие